Астана. 22 қаңтар. КазТАГ – Нұр-Сұлтан мен Алматыда бір кеште Қытайдан қашқан қазақтарға шабуыл жасалған, деп хабарлады «Атажұрт еріктілері» қозғалысының әлеуметтік желідегі парақшасынан.
«Қытайдан қашқан Қайшұ Ақанқызы мен Мұрагер Әлімұлына шамамен бір мезгілде Алматы мен Нұр-Сұлтанда шабуыл жасалды, екеуі де ауруханаға жеткізілді, Ақанқызы басынан ауыр соққы алған, Әлімұлы екі пышақ жарақатын алған, жағдайы ауыр», - делінген жұмадағы хабарда.
Қозғалыс қатысушыларының пікірінше, болған жағдай кездейсоқтық емес.
ҚазТАГ ХАА редакциясы Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен аталмыш жағдайға байланысты түсінік беруін сұрады.
Мұрагер Әлімұлы – Қытайдан келген этникалық қазақ, ол тағы бір қазақ Қастер Мұсақанұлымен бірге 2019 жылдың 1 қазанында шекарадан заңсыз өткен болатын. Олардың айтуынша, олар қытай билігінің этникалық азшылықты қудалауынан қашып келген. 10 қазанда олар Алматыға келіп жеткен, сөйтіп билікке беріліп, өз жағдайларын айтып, Қазақстаннан саяси пана сұрамақ болған. Кейін екеуі де қамауға алынды, ақырында екеуі де босқын статусын алды.
Қатысты сілтемелер
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51