Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан мен алты облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19-21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 19, тәулік бойы 20-21 тамызда дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең 20-21 тамызда кей жерлерінде тұман күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: таңертең және күндіз 19, тәулік бойы 20-21 тамызда найзағай күтіледі. Таңертен және күндіз 19, тәулік бойы 21 тамызда бұршақ болады. Көкшетау қ: таңертең және күндіз 19 тамызда найзағай күтіледі», - делінген жексенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Петропавл қ: түнде 19 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Күндіз 19 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«19-21 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді «Қазгидрометтен».
Күндіз 19 тамызда Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Атырау қ.: күндіз 19 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Күндіз 19 тамызда Батыс Қазақстан облысында 31-36°С қатты ыстық күтіледі. Орал қ.: күндіз 19 тамызда 34-36°С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстандағы су тасқыны – ТЖМ мәліметі27 Наурыз 2024, 14:33