Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның төрт облысында 24-25 мамырға дауылды ескерту жарияланды

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның төрт облысында 24-25 мамырға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласында 24 мамырда күндіз, 25 мамырда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді, 25 мамырда күндіз кей уақытта 25 м/с болуы мүмкін. 25 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 24-25 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, дауыл күтіледі, 25 мамырда кей жерлерде бұршақ жауады. 24 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде екпіні 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін. 25 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні 23-28 метрге жетеді», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, хабарланғандай, 24-25 мамырда Солтүстік-Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі, 25 мамырда кей жерлерде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 24 мамырда екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан аса күтіледі.
«24 мамырда Қостанай облысының оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. -3 градус үсік күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage