Нұр-Сұлтан мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбіде Нұр-Сұлтан мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтанда 29 қаңтар түнде қар сақталады, жаяу бұрасын соғады, солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Ақмола облысында сәрсенбіде кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%.
«29 қаңтарда Қызылорда облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - делінген хабарда
29 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерде тұман сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Қостанай облысында сәрсенбіде кей жерлерде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«29 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қалың қар күтіледі. Кей жерлерде боран соғады, тұман түседі. Батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Өскеменде 29 қаңтарда түнде боран күтіледі. Батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Семейде түнде 29 қаңтарда боран күтіледі. Батыстан түнде екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - деді синоптиктер.

adimage