Нұр-Сұлтан мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан мен бес облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«24 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Көкшетау қ: 24 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
24 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 24 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%
«24 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Петропавл қ: 24 маусымда тұман, найзағай, бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудң ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
24 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Өскемен қ.: күндіз 24 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: күндіз 24 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
«24 маусымда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 40°С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%», - деді синоптиктер.

adimage