Нұр-Сұлтан мен екі облыста сейсенбі күні бұршақ жауады

Күні: 17:38, 17-06-2019.

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан мен екі облыста сейсенбі күні бұршақ жауады,деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«18 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қ: 18 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде
18 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: тәңертең және күндіз 18 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: