Нұр-Сұлтан мен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан мен төрт облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қ: таңертең және күндіз 17 маусымда найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», -делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 17 маусымда найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«17 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерінде дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«17 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғатын жел, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%», - деді синоптиктер.

adimage