Нұр-Сұлтан мен Токио арасына әуерейсі ашылды

Күні: 10:57, 04-07-2019.

Алматы. 4 шілде. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтан мен Токио арасына әуерейсі ашылды, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) баспасөз қызметінен.
"Астана күнін" мерекелеу аясында scat авиакомпаниясы "нұр-сұлтан-токио" жаңа халықаралық рейсін іске қосады. 3-ші шілдеде, жаңа рейстің ашылу рәсімінің ресми тұсаукесері өтті. (…)6 шілдеден бастап Токио әр сенбі сайын Қазақстаннан туристерді қабылдайды. Алдағы уақытта SCAT Жапония астанасына ұшатын рейстердің жиілігін аптасына бірнеше есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев өз сөзінде 2019 жылдың басынан бастап "Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батор", "Нұр-Сұлтан - Прага", "Алматы - Баку", Жуковский қаласынан Қарағандыға жаңа халықаралық рейстер ашылғанын еске салды.
«Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, шетелдік жолаушылардың транзитпен келуінен ғана Қазақстан экономикасына қосымша түсетін түсімдер шамамен 40 млн. АҚШ долларын құрауы мүмкін»,- деп атап өтті Ластаев.
Еске салсақ, 30 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі ҚР ИИДМ басшысы Жеңіс Қасымбекке АҚШ пен Жапонияға тікелей рейс мәселесін шешуді тапсырған болатын.
5 ақпанда ҚР ИИДМ Токиомен келісімге қол қойылғанын, Жапонияның авиациялық билігімен аккредиттеу мәселесін бастау жоспарланып жатқанын, үкіметаралық келісім жобасы әзірленіп, қол қоюға дайындалғанын жеткізді. Төрт ірі бағыт – Жапония, Нью-Йорк, Шанхай және басқа да әлемнің ірі қалаларына рейстер ашу жоспарланған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: