Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан полиция департаментінің жаңа басшысы болып Ержан Саденов тағайындалды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.
«Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы полиция дпартаментінің бастығы қызметіне полиция полковнигі Саденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалды»,- деп хабарлады сәрсенбіде ішкі істер министрінің кеңесшісі-ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Саденов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылдың маусымынан бастап Ақмола облысы полиция департаментін басқарған. Әр жылдары Риддер және Өскемен қалаларының полиция басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткімен күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ шұғыл әрекет ету департаментінің бастығы, көліктегі полиция департаментінің бастығы болған.
Қатысты сілтемелер
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53