Нұр-Сұлтан-Щучинск бөлігінде жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелді

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтан-Щучинск бөлігінде жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан-Щучинск бөлігінде жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелді», - делінген жұмадағы хабарда.
Ұлттық компанияда түсіндіргендей, қозғалыстың шектелуі жаңбыр салдарынан Нұр-Сұлтан-Щучинск жолының 124-231 шақырым бөлігінде жолда көктайғақтың орын алуына байланысты болып отыр.
«Сонымен қатар, қатты жел салдарынан көктайғаққа қарсы материалды төсеу де мүмкін болмай отыр. Соған байланысты ЖПҚ, ТЖ-мен бірге жүк және қоғамдық көлік қозғалысын 09.00-ден бастап шектеу туралы шешім қабылданды», - делінген хабарда.

adimage