Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолындағы қозғалыс шектелген учаске ашылды

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолындағы қозғалысы шектелген учаске ашылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жолдағы жағдайдың жақсаруынан Нұр-Сұлтан – Щучинск (18-231 км) ақылы учаскесіндегі қозғалыс шектеуі сағат 11.30-да алынып тасталды», - делінген хабарда
Бұған дейін хабарланғандай, жаңбыр салдарынан жолдарда көктайғақтың орын алуына орай Нұр-Сұлтан-Щучинск жолының 124-231 шақырым бөлігінде 09.00-ден бастап қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар, 8 қарашада таңғы уақыт 08:50-де ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызы бар бірқатар автожолдар жабылып, көлік қозғалысы уақытша шектелді. Нақтырақ айтсақ, «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» (Қостанай облысы шекарасындағы – Сұрған кенті) автожолының 232-260 км, «Жезқазған – Петропавл» (Сұрған - Бұзылық) автожолының 552-536 км «Жақсы - Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82 км.

adimage