Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау облыстары 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындылары бойынша кешеуілдеп қалған өңірлер тізіміне енді

Астана. 14 мамыр. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау облыстары 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындылары бойынша кешеуілдеп қалған өңірлер тізіміне енді, деп мәлім етті ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Даленов.
«Барынша төмен көрсеткіштер (әлеуметтік-экономикалық даму –ҚазТАГ) көрсетіп отырған өңірлер анықталды. Маңғыстау облысы – инвестиция, құрылыс, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бойынша. Нұр-Сұлтан мен Шымкент – инвестиция, құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша. Сонымен қатар, аталмыш өңірлерде инфляция деңгейі орташа республикалық мәннен жоғары деңгейде тіркелген», - деді Даленов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сондай-ақ, өнеркәсіптік өндіріс бойынша Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары теріс мән көрсеткен.
Жалпы республика бойынша ұлттық экономика министрлігі оң динамика барын айтады.



adimage