Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында шағын автобустың қатысуымен жаппай ЖКО орын алды

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында шағын автобустың қатысуымен жаппай ЖКО орын алды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Шамамен 13.30 сағатта Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында – 1442 км – «МАЗ» жүк көлігі, Volkswagen C4 шағын автобусы, Audi 80 көлігі, Lada Vesta көлігі, Toyota Highlander көлігі соқтығысқан», - деп хабарлады сейсенбіде ұлттық компанияның баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Алдын-ала ақпар бойынша, ол атап өткендей, екі адам зардап шеккен.
«Жаппай жол апатының себебі анықталуда. Қосымша ақпарат кешірек болады», - деді Ордабай.

adimage