Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан әуежайында қалалық жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«8 қаңтарда сағат 9.09-да Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы аумағында №12 қалалық маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі өртенді. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 9.24-те ауыздықталып, 9.31-де сөндірілді. Өрт сөндіруші бөлімшелер келгенге дейін жолаушылар өз беттерімен автобустан шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда», - деп хабарлады сәрсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, өртті сөндіруге елордалық ТЖК бір бірлік техникасы мен жеке құрамдағы алты адам, сондай-ақ, әуежайдың өрт сөндіру қызметінің екі бірлік техникасы жұмылдырылды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34