Нұр-Сұлтан әуежайында екі рейс кейінге қалдырылып, алты рейс кешіктірілуде – ИИДМ

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан әуежайында екі рейс кейінге қалдырылып, алты рейс кешіктірілуде, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Халықаралық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында алты рейс кешіктіріліп, бес рейс кейінгі қалдырылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ведомствода нақтылағандай,  келесі рейстердің ұшып шығуы және ұшып келуі кешіктірілуде.  
«Ұшақтың басқа қалалардан кеш келуіне байланысты 2 рейс кешігуде. Олар - «SCAT» әуе компаниясының 1 рейсі (Мәскеу) және Қостанайдан ұшып келетін «Qazaq Air» әуе компаниясының 1 рейсі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы 4 рейс кешігіп жатыр: «Air Astana» әуе компаниясының Омбы қаласына ұшатын 1 рейсі; - «Qazaq Air» әуе компаниясының Қостанайға ұшатын 1 рейсі; - «SCAT» әуе компаниясының Ұлан-Батыр және Мәскеу қалаларына ұшатын 2 рейсі», - деді минситрліктен.
ИИДМ кейінге қалдырылған рейстер бойынша ақпаратты нақтылады.  
«LOT Polish» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты бойынша екі рейсі және «Air Astana» әуе компаниясының Алматы, Омбы және Мәскеу қалаларына ұшатын 3 рейсі кейінге шегерілді», - делінген хабарда.
Ведомствода атап өткендей, жолақтағы көрініс - 350 метр, тігінен - 220 метр. Жел екпіні секундына 23 метрге жетті.
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді ҚР ИИДМ.

adimage