Нұр-Сұлтан вокзалында мүгедек қызды ұрған полицейлер қызметтерінен қуылды – ІІМ (толық)

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтан вокзалында мүгедек қыз Анастасия Мурашованы ұрған полицейлер қызметтерінен қуылды, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Әйгерім Аманбаева.
«Көліктегі департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша полицейлер қызметтерінен қуылды», - деп хабарлады сәрсенбі күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне Аманбаева.
ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне «көліктегі полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Н.А.Мурашованың полицияның желілік басқарма қызметкерлерінің Нұр-Сұлтан станциясында қызы Мурашоваға қатысты заңсыз әрекеттері туралы арызы бойынша қызметтік тексеру жүргізді» деп хабарлады.
«Жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан теміржол вокзалындағы полицияның желілік бөлімшесінің үш полицейі, сондай-ақ олардың бастығы қызметтерінен босатылды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан теміржол вокзалындағы полицияның желілік басқармасының басшылығы қатаң тәртіптік жауапқа тартылған», - делінген баспасөз ықзметінің хабарында.
Бұған дейін соққыға жығылған Наталья Мурашованың анасы Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында «егер оларды органнан қумайтын болса» онда кінәлілерді қылмыстық жазалауды талап ететінін мәлімдеген еді.
Еске салсақ, 2018 жылдың 23 қазанында ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ ішкі қауіпсіздік департаменті Ақтауда мүгедек қызы Анастасия Мурашованы полицейлердің ұрғаны туралы анасының мәлімдемесінен кейін полицейлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізуде.
Мурашованы соққыға жығу туралы хабар бұған дейін әлеуметтік желіде тараған. Онда, атап айтсақ, қыз баланы Нұр-Сұлтандағы теміржол вокзалында полицейлер аяусыз ұрып-соққан. Ғаламторда таратылған видеода тәртіп сақшыларының Мурашованың қолын кісендеп, оны әбден мазақ қылғандары көрсетілген.

adimage