Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ұсталғандардың 950-ден астамы әкімшілік жауапқа тартылды

Күні: 17:34, 13-06-2019.

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ұсталғандардың 950-ден астамы әкімшілік жауапқа тартылды.
«Заңсыз акцияларға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін сот 957 тұлғаға қытысты әкімшілік жаза тағайындады, оның ішінде 670-і –қамауға алынса, 115-не айыппұл салынды, 172-сі ескерту алды», - деп хабарлады бейсенбідегі брифингте ҚР бас прокуратура қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпеисов.
Оның айтуынша, қадағалаушылық өкілеттілігі аясында прокурорлар істеген ісіне өкініш білдіргені, отбасылық жағдайы және басқа да жағдайларын ескере келе 311 тұлғаға қатысты қамау мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдады.
«Сот қолдады, олар босатылды. Мерзімін өтеп болуларына байланысты бүгін тағы 63 адам шығарылады, арнайы орындарда 180 адам әлі жазасын өтейтін болады, олардың мерзімдері 6-15 тәулік аралығында. Нұр-Сұлтан бойынша – 80, Алматы- 100», - деп хабардар етті Нурпеисов.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті.
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингілер мен ұстаулар 9-12 маусым аралығында өтті.
12 маусымда хабарланғандай, «Бәйтерек» ауданында полицейлердің көптеп жиналуы байқалған. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда «Жастар» жастар сарайы төртінші тәулік қоршауда тұрған. Кейінірек белгілі болғандай, «Бәйтерек" ескерткіші маңындағы барлық аумақ (саябақты қоса алғанда периметрі бойынша барлық аумақ) жылжымалы полицей шарбақтарымен қоршалған. Нұр-Сұлтандағы полиция департаменті (ПД) бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаев бүгін санитарлық күн болғандықтан «Бәйтерек» қоршауға алынды деп мәлімдеді.
Сол күні Алматыда Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында және Ескі алаң ауданында 200-ден астам адамның ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар, адамдардың көбін полиция Нұр-Сұлтанда «Бәйтерек» ескерткішінің ауданында ұстаған.

#сайлау #қазақстан #алматы #президент #бұзушылық #қосанов #тоқаев #еқыұ #митинг #ұстау #полиция #қарсылық #қоршау #шәаж #оск #ортсайлаукомитеті #бару #бойкот


Жаңалықтармен бөлісу: