Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан және Қарағанды облыстарында газ таратуға үш жылда Т67,4 млрд жұмсалады, делінген мәжіліс депутаттары тобының сауалына премьер-министр Асқар Маминнің берген жауабында.
«2020-2022 жылдарға бекітілген бюджетінде Нұр-Сұлтан қаласына – Т8,6 млрд (соның ішінде 2020 жылы – Т5,1 млрд, 2021 жылға – Т3,5 млрд), Қарағанды облысында – Т58,8 млрд (соның ішінде 2020 жылы – Т8,4 млрд, 2021 жылы – Т16,3 млрд, 2022 жылы – Т34,1 млрд) қарастырылған», - деді Мамин депутаттардың сауалына.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облыстарындағы газ тарату желілерінің құрылысының өзі, премьердің айтуынша, 2019 жылдың күзінде басталған.
«Оларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласына – Т3 млрд, Қарағанды облысына – Т2,4 млрд. бөлінді. Аталмыш қаржы толығымен игерілді», - деп атап өтті министрлер кабинетінің басшысы.
Үкімет басшысы 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Сарыарқа» магистралды газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенін еске салды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34