Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Нұр-Сұлтанда 48 мың адам баспана кезегінде тұр, деп хабарлады елорда әкімі Алтай Көлгінов.
«Баспанамен қамту бойынша. Қазіргі таңда баспана кезегінде 48 мың адам тұр. 2019 жылы 1,8 млн ш.м. баспана салынды, оның ішінде 213,8 мың ш.м.- бюджеттік, ЖТҚ – 108,3 мың ш.м., коммерциялық баспана – 1471,4 мың ш.м.», - деді Көлгінов жұма күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Әкім атап өткендей, 2019 жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан шамамен 2,9 мың пәтер берілген.
«Олардың 784-і (пәтер – КазТАГ) – аз қамтылған азаматтарға, 1050 – і жұмыс жасайтын жастарға», - деді ол.
Оның айтуынша, баспана көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе артқан.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т443,77 болды24 Сәуiр 2024, 17:50
-
Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді24 Сәуiр 2024, 17:45
-
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі24 Сәуiр 2024, 17:22