Нұр-Сұлтанда, Ақмола мен Қостанайда тұман, көктайғақ, күшті жел күтіледі

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда, Ақмола мен Қостанайда тұман, көктайғақ, күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 07 қарашада тұман, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 7 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 7 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«Түнде және таңертең 7 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: 7 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-95%.

adimage