Нұр-Сұлтанда Ақорда, парламент және минкабинетінде бір тәуліктей орталық электр жарығы болған жоқ

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Ақорда, парламент және үкіметте бір тәуліктей орталық электр жарығы болған жоқ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай – ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот - электрмен жабдықталды. Барлық 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай – ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот - электрмен жабдықталды. Сонымен қатар 9 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ы жарықпен қамтылды : "Уют" , "Краун Плаза", "Тұмар" (2 үй), "Арт Хаус" , "Вива плаза" , "Алатау", "На водном зеленом бульваре", «Нұрсая - 2», «Керуен», - деп хабарлады дүйсенбіде елордалық әкімдіктен.
10 қазан 2019 жылы "Левобережная" 110/10 кВ шағын станциясының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель линиясы зақымданған, .соның саладрынан еліміздегі барқатар негізгі ғимараттар резервті электр қуатын беруге қосылды.
«Бәйтерек" монументін, "Изумрудный квартал" бизнес орталығын , Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді елордалық әкімдіктен
Хабарда атап өтілгендей, апат салдарын жою бригадалары құрамында, 15 адам және 6 арнайы техника, қажетті жабдықтарымен шұғыл түрде жұмысқа кірісті.
«Өрт сөндіру бриагадаларын электр тоғыныңы соғуын блдырмау үшін ғимараттар электр тоғынан ажыратылды. Апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жерде елорда әкімі Алтай Көлгінов те болды. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды», - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан әкімдігінен.

adimage