Нұр-Сұлтанда алдағы екі тәулікте бұршақ жауады және екпінді жел тұрады

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда алдағы екі тәулікте бұршақ жауады және екпінді жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ: 5-6 маусымда кей уақытта найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage