Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жұма күні жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы күтіледі

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жұма күні жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, 3-5 м/с жел тұрады. Күндіз -10-12, түнде -18-20.
Алматыда да күн бұлтты, жауын-шашынсыз, 2-7 м/с жел тұрады. Күндіз 0-2, түнде -6-8.
Шымкентте бұлтты, 4-12 м/с жел тұрады. Күндіз +3+5, түнде -8-10.

adimage