Нұр-Сұлтанда автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан 22 адам мед.көмекке жүгінген

Күні: 11:48, 24-09-2019.

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан 22 адам мед.көмекке жүгінген, деп хабарлады елордалық полиция департаметінің баспасөз қызметінен.
«23 қыркүйекте шамамен 15.00-де  Howo маркалы көлігінің 1997 жылы туылған жүргізушісі А-187 көшесінде Байркум көшесі жағынан Мұстафа Кемал көшесінің қиылысында көлік құралына жол бермей, №64 бағыттық автобуспен соқтығысқан», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ЖКО салдарынан бағыттық автобустың жүргізушісі мен жолаушылары дене жарақаттарын алған.
«Қалалық ауруханаға 22 жолаушы жеткізілген, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілген. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылған. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деді полицейлер.


Жаңалықтармен бөлісу: