Нұр-Сұлтанда «Бәйтерек» ескерткішін айналдыра қоршап тастаған; полицейлердің көптеп жиналуы байқалуда

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Әмір Қасенов/Динара Халдарова. Нұр-Сұлтанда «Бәйтерек» ескерткішін айналдыра қоршап тастаған; полицейлердің көптеп жиналуы байқалуда.
«ҚазТАГ» ХАА тілшісі хабарлағандай, «Бәйтерек» ескерткішін полицейлердің жылжымалы шарбақтарымен қоршап тастаған, ескерткішке тиесілі аймақта полицейлер шарбақтарына толы екі жүк көлігі тұр.
Сонымен қатар, тілші хабарлағандай, «Бәйтерек» ауданында полицейлердің көптеп жиналуы байқалуда, автобустардың саны шамамен 25-30 (олардың жартысына жуығы полицейлер, қалғаны жолаушылар көлігі). Полицейлердің бір бөлігі автобустарда болса, қалғаны ескерткіш айналасында. Полицейлердің бір бөлігі дәстүрлі киімде болса, енді бір бөлігі ҚР Ұлттық гвардия киімінде, қалғаны толығымен қара киімде (ШӘАЖ болуы мүмкін, бірақ ешқандай белгілері жоқ).
Бұдан басқа ескерткіш жанында балаларымен қыдырып жүрген қарапайым азаматтыр, туристер жүр.
Тілші атап өткендей, мобильді байланыс әзірге жұмыс жасап тұр.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен митингке шыққандарды жаппай ұстау фонында президент сайлуаы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңімпаз деп танылып, оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингтер мен митингке шыққандарды ұстау 8-10 маусымда жалғасты. Елорда мен Алматы алаңынан осы күндер ішінде 700-ге жуық адамды алып кеткен.

adimage