Нұр-Сұлтанда баспана құрылысының мерзімін бұзған екі басқарма басшысы әкімшілік жауапқа тартылды

Күні: 18:18, 09-07-2019.

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда баспана құрылысының мерзімін бұзған екі басқарма басшысы әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін қала тұрғындары үшін Р.Қошқарбаев 80/2 және Іле 30/1 (312 пәтер) мекенжайы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарындағы құрылыс мерзімін бұзған екі басқарма басшысын әкімшілік жауапқа тарттым», - деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов сейсенбі күні Twitter парақшасында.
Ол атап өткендей, «кемшіліктер орнына келтірілмеген жағдайда қатаң шаралар қолданады».
Еске салсақ, 2 шілдеде хабарланғандай, алдағы жеті ылда Қзақастанда 40 мың көп балалы отбасыны баспанамен қамту жоспарланған. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпарынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көп балалы отбасылар үшін тұрын үә құрылысы мен баспана сатып алуды қаржыландыру қарасытрлыған: оған республикалық бюджеттен жылына Т50 млрд немесе жеті жыл бойына Т350 млрд бөлу жоспарланған.
.


Жаңалықтармен бөлісу: