Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновтың туған күніне орай оның ескерткішінің эскиздері таныстырылды

Күні: 12:51, 18-05-2021.

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновтың туған күніне орай оның ескерткішінің эскиздері таныстырылды, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Алғашқы эскиздер пайда болды, онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы — саксофонмен бейнеленген», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.
Еске салсақ, қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Қала әкімдігінде атап өткендей, жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Белгілі қазақстандық әнші 52 жасында 2015 жылы өмірден өтті.
Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Б.Шүкенов Қазақстан тарихында ЮНИСЕФ-тің бірінші елшісі болды.1988 жылы достарымен бірлесіп «А'Студио» тобын құрып, оның солисі әрі фронтмені атанады. Әншінің кіші отаны Қызылордада Батыр Шүкеновтың есімін мәңгі қалдыру мақсатында ескерткіш тұрғызылды. Ол 2018 жылы мамыр айында ашылды. 2019 жылдың наурызында әйгілі әншінің ескерткіші Алматыда ашылады деп хабарланған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: