Нұр-Сұлтанда белсенділер Закирова мен Көкетаева әрқайсысы бес тәулікке қамауға алынды

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Нұр-Сұлтанда белсенділер Закирова мен Көкетаева әрқайсысы бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.
«Соңғы Закированы қарады, оны бес тәулікке қамауға алды. Көкетаеваны да бес тәулікке қамауға алды. Екеуін де бүгін қарады, екеуіне де бес тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, мерзімдері бүгіннен бастап есептеледі», - деді Баянова сейсенбі күні агенттік тілшісіне телефон арқылы.
Белсенділердің екеуі де ҚР ӘҚбК 667 бабының 1 бөлімі (құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша қамауға алынды.
Агенттік тілшісінің белсенділерге адвокат ұсынылды ма деген сұрағына баспасөз хатшысы «бұл көшпелі отырыс, ал АІІБ-де болып жатқан жағдайға біз жауап бермейміз» деп жауап берді.
«Біздің құзырымызға кірмейді (адвокат ұсыну – ҚазТАГ)», - деді ол.
Сондай-ақ Баянова судья сотты адвокаттарсыз өткізе ала ма деген сұраққа ол «судьялардың әлі де сол жақта екенін» айтып: «Қандай да бір түсінік беру үшін менің судьялармен сөйлесуім керек»,- деген.
«Мен сіздерге қандай қаулы шығарылғанын айттым, оларды қамауға алды», - деді Баянова Закированы психиатриялық ауруханаға жатқызу туралы шешім болды ма деген сұраққа берген жауабында.
Бұған дейін белсенді Бибігүл Тұяқова агенттік тілшісіне Санавар Закированы психиатриялық ауруханаға жатқызулары мүмкін екенін хабарлаған еді.
Бұған дейін хабарлағандай, Нұр-Сұлтанда Ақорда алдында 17 ақпанда ұсталған азаматтық белсенділерге адвокат Бауыржан Азановты жібермеген болатын.
17 ақпанда хабарлағандай, Нұр-Сұлтанда қарсылық білдірушілерге Ақордаға баратын жолда кедергі келтірілген еді. Кейін белгілі болғандай, белсенді Қанағат Такеева Нұр-Сұлтанда полицияға бағынбағаны үшін бес тәулікке қамауға алынған.
Хабарда атап өтілгендей, көпірде шамамен сағат 10.30-да ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ақорда кеңсесіне хат апарып бермек болған көп балалы аналар, ипотекалық кредит алғандар, мүгедек балалардың аналары жиналған болатын. Олар өз проблемаларына мемлекет басшысының назарын аудартқысы келген еді, алайда күш құрылымдары олардың жолына бөгет болды.

adimage