Нұр-Сұлтанда белсенділердің пәтеріне журналистерді жібермегендер полицейлер екен

Күні: 18:25, 07-06-2019.

Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда белсенділердің пәтеріне журналистерді жібермегендер полицейлер екен, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Олар полиция қызметкерлері. Басшылықтың бұйрығын орындап тұр», - деп жауап берді форма киген полицей журналистерді, соның ішінде шетелдіктерді де белсенділердің пәтеріне жібермей тұрғандар кім деген сұраққа.
Болып жатқан жағдайдың тікелей көрсетілімі журналист Сәния Тойкеннің Facebook парақшасында көрсетіліп жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, "Азаттық радиосы" Нұр-Сұлтанда кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында бірінші мамырдағы бейбіт қарсылық акцияларына қатысушылардың бірнешеуі үйлерінде тінту жүргізілгені туралы хабарлаған еді.
Хабарда атап өтілгендей, тінту жұмыстары белсенді Ақмарал Керімбаеваның үйінде де жүргізілген, бірақ ол тұратын көп қабатты үйдің подъезінде ірі денелі екі белгісіз жігіт журналистердің жолын бөгеген.
«Баспалдақта тұрған екеу өздерін таныстырмады, бұл ретте олардың бірі репортерді смартфонына түсіріп алды, екеуі де репортерге арқаларын беріп тұрды. Олар құжаттарын көрсету және тінту жүргізуге ордер бар ма деген сұрақтарға назар аудармады. Олардың бірі кейін «тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан» журналистерді ішке жібере алмайтындарын айтты. Жоғары қабаттардан ер адамның даусы естілді», - делінген хабарда.
Алдын-ала ақпар бойынша Керімбаеваның үйіне есігін бұзып кірген. Құқыққорғаушы Данияр Хасенов болған жайт туралы полицияға хабар берген.
Бұған дейін хабарлағандай, бірінші мамырда Алматыдағы митингке қатысқан үш әйел үй қамағына алынған еді.
Еске салсақ, 1 мамырда 80-ге жуық адам Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бейбіт митинг нәтижесінде ұсталған. Қарсылық акциялары басқа да қалаларда өтті. Көшеге шыққан азаматтар сайлауға бойкот жариялап, елорданың атауын өзгертуге және АЭС құрылысына қарсылық білдіріп, Алматыда ұсталған белсенділер Әсия Төлесова мен Толымбековке қолдау білдірген. Олар 21 сәуірде Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековтың Алматы марафонында «От правды не убежишь», #УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN жазуы бар плакаттарды ұстап шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған еді.
1 мамырда қарсылық акциялары еліміздің басқа да ірі қалаларында өтті. Полиция митингтерді санкцияланбаған деп атап, митингке шыққан азаматтардың әрекетіне заң тұрғысында баға беруге уәде берді.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Осы жағдайларға байланысты Назарбаев экс-премъер Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Жаңа үкіметті бұрынғы бірінші вице-премьер Мамин басқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: