Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласы салынды

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласы салынды, деп хабарлады Elorda Aqparat.
«Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласы салынды», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, капсула EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында салынған.
«Дүниежүзiлiк сауда орталығының басты мақсаты жаңадан сауда жəне инвестиция жолдарын құру. Нұр-Сұлтан қаласымен бiрлесе отырып осындай игiлiктi iске қол жеткiзуге болатынына қуаныштымыз. Бұл жаңа жұмыс орнын құру, жаңадан инвестиция, технологиялар тарту мүмкiндiгi. Біз болашақта жобаның дамуын асыға күтеміз», - деп мәлімдеді «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік Инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар.
Еске салсақ, Дүниежүзілік сауда орталығының жобасы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қаңтарда ұсынылған.

adimage