Астана. 19 қараша. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда екінші ауысымдағы 0-9 класс оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2019 жылдың 19 қарашасында ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп хабарлады сейсенбіде Нұр-Сұлтандағы білім басқармасынан.
Бұған дейін хабарланғандай, ауа райының нашарлауы салдарынан (күшті жел күтіледі және көру мүмкіндігі төмендейді) қала мектептеріндегі бірінші ауысымда оқитын 0-4 оқушылары үшін сабақ болған жоқ.
Еске салсақ, кеше Астана мен ҚР алты облысында дауылды ескерту жарияланған еді. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда 19 қарашада қар жауады, бұрқасын соғады, солтүстік батыстан соққан жел солтүстік шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с жетеді.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53