Нұр-Сұлтанда экономиканың үш көрсеткіші бойынша төмендеу байқалуда – Даленов

Күні: 11:58, 12-11-2019.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Нұр-Сұлтанда 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың үш көрсеткіші бойынша төмендеу байқалуда, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Даленов.
«Үш көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтанда, екі – Маңғыстау облысында төмендеу байқалуда. Сонымен қатар, қыркүйекпен салыстырғанда Маңғыстау облысында үш көрсеткіш бойынша төмендеу байқалуда. Бір көрсеткіш бойынша төмендеу, және екі көрсеткіш бойынша бәсеңдеу Алматы, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалуда», - деді Даленов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сонымен, Нұр-Сұлтан құрылыс және инвестиция бойынша теріс аймақта, (сәйкесінше -3,4% және -8,6%), осы көрсеткіштер бойынша Шымкент теріс динамика көрсетіп отыр, Маңғыстау облысында құрылыс жұмыстары 18,3% төмендеген. Ауыл шаруашылығы бойынша Қостанай облысында өнім шығару төмендеген.


Жаңалықтармен бөлісу: