Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда ел басшылары 2019-2020 жылдарға ЕАЭО макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қарастырады, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен.
«29 мамырда Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция бастамасының 25 жылдығына және ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғанына бес жыл толуына орай Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың кезекті отырысы өтеді. (…) Мемлекет басшылары ЕАЭО дамуының болашағы мен кезекті мәселелерін талқылайтын болады, соның ішінде одақтың цифрлы күн тәртібін және халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша, сонымен қатар 2019-2020 жылдарға арналған ЕАЭО макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланады», - деп хабарлады дүйсенбіде Ақордадан.
Шараға Қазақстан тұңғыш президенті –Назарбаев, Беларусия президенті – Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті – Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті – Владимир Путин, сондай-ақ, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.
Сондай-ақ, Молдова президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы-мемлекет басшысы ретінде және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады деп күтілуде.
«Саммит қорытындысы бойынша ЕАЭО туралы шарттың бес жылдығына орай Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүше-мемлекеттері басшыларының ортақ мәлімдемесін қабылдау және бірқатар халықаралық құжатқа қол қою жоспарлануда», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда ел басшылары 2019-2020 жылдарға ЕАЭО макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қарастырады
