Нұр-Сұлтанда Есіл өзеніндегі су құрамына «балықтардың оғаш әрекеті» туралы хабардан кейін талдау жасауда

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Есіл өзеніндегі су құрамына «балықтардың оғаш әрекеті» туралы хабардан кейін талдау жасауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзеніндегі балыктардын жиналып калганы туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты 2020 жылғы 26 мамырда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экологиялық мониторинг департаментінің Қоршаған ортаның ластану мониторингі сынақ зертханасының қызметкерлері келесі нүктелерде су сынамаларын жоспардан тыс іріктеуді жүргізді: 1 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінің астында; 2 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км жоғары; 3 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км төмен», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
«Қазгидрометте» нақтылағандай, жер беті суларының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар.
«Бірінші күннің талдауы бойынша судың температурасы 23,7-24,2 ºC шегінде, сутегі көрсеткіші 8,70-8,75, суда еріген оттегінің концентрациясы қалыпты және 9,30-11,8 мг/дм3 диапазонында, түсі – 25-30 градус, мөлдірлігі - 25 см, иісі - 0 балл, табиғи суға тән емес иістер табылмады. 2020 жылғы 27 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша талдау нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ, 2020 жылдың 31 мамырында 5 тәулік орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдау нәтижелері ұсынылады», - делінген хабарда.
Бұған дейін Есіл өзенінің бетінде жүзіп жүрген балықтар туралы видео тараған еді. Ролик авторы балықтарға оттегі жетпей жүрген сияқты деп топшылаған.

adimage