Нұр-Сұлтанда ИМ қатысу ісі бойынша сотталушылардың екеуі сот отырысныың алдында үйленді

Күні: 12:59, 29-11-2019.

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ, ИМИЛ) лаңкестік ұйымына қатысу ісі бойынша сотталушының екеуі Қазақстанда үйленді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ИМИЛ қатысу ісі бойынша өтіп жатқан 14 сотталушының екеуі сот отырысының алдында үлйенді», - деп хабарлады жұма күні ЕЦ-166/10 қауіпсіздігі төмен мекеменің полиция қызметкері.
Сотталушының екеуінің үйленуіне байланысты сот отырысы кешігіп басталды. Қауіпсізідгі төмен ЕЦ-166/10 мекемесіне АХАТ мамандары кіріп, екі сотталушының некесін заңдастырды. Агенттік тілшісіне үйленгендердің аты-жөні белгілі болды. Бұл Данабек Төреханов пен Данияр Алтаев (суретте сәйкесінше қара және күлгін жейдеде).
Төреханов 1987 жылы 11 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген.
Алтаев «Абу Юсуф» лақап атымен белгілі, 1992 жылы 19 қыркүйекте дүниеге келген.
Бүгін соттағы жарыссөз басталды. Сотқа прокурор Еділ Мұрат қатысып жатыр.
Еске салсақ, 23 қазанда Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ИМИЛ-ге қатысы бар деп күдіктелген 14 қазақстандыққа қатысты сот процесі басталған болатын. Сот отырысы ЕЦ-166/10 қауіпсіздігі төмен деңгейдегі мекемеде бетперде киген күзет қызметкерлерінің қадағалауымен өтіп жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: