Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Ирактан қайтарылған қазақстандық балалар туыстарына тапсырылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі, еліміздің символы болып табылатын «Бәйтерек» монументінің басында үстіміздегі жылғы 27 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Сондай-ақ, Қазақстандық дипломаттар бірлестігі мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі атынан балаларға естелік сыйлықтар берілді.
«Алдағы уақытта олардың болашағы мемлекет тарапынан бақылауда болады. Олар еліміздегі барлық балалармен бірге жалпы білім беру мекемелерінде еш кедергісіз білім алатын болады», - деді ҚР СІМ-нен.
Еске салсақ, 27 қарашада президент Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға 14 қазақстандық бала қайтарылды. Жас қазақстандықтар Ирак түрмелерінде лаңкестік әрекетке қатыстылығы үшін жазаларын өтеп жатқан аналарымен бірге отырған. Гуманитарлық акция аналары мен балалардың туыстарының сұрауы бойынша СІМ бірқатар мемлекеттік органдарымен, отандық үкіметтік емес құрылымдар және халықаралық ұйымдармен бірге жүргізді.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53