Нұр-Сұлтанда көмірдің төрт маркасының бағасы белгілі болды

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтанда көмірдің төрт маркасының бағасы белгілі болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жергілікті атқарушы органдардың ақпарынша, бүгінгі таңда түрлі маркалы көмірдің бағасы түрлі кен орнына және өндірудің өзіндік құнына, сатылатын жеріне жеткізу ара қашықтығына байланысты орта есеппен түрлі өңірлерде 1 тоннасы үшін 7 мың теңгеден 19 мың теңге аралығында», - деп мәлімдеді бейсенбіде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Қанат Байытов «Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамту» тақырыбындағы баспасөз конференциясында.
Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы баға мониторингінің нәтижесі бойынша қаланың әр бөлігіндегі 11 нүктеге көмір жеткізетін сегіз компания анықталған.
«Көмірдің барлық түріне баға белгіленген. Орташа бағасы Т12 мың – жеткізуді қоспағанда. Көмірдің орташа бағасы: Шұбаркөл – Т12 050, Қаражыра – Т12 700, Майқұба – Т13 000, Богатырь көмір – Т9 500», - деді Баитов.

adimage