Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда көшелердің біріне Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есімі берілді, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметінен.
«Елорданың сол жағалауында орналасқан жобалық атауы №28 көшеге Қазақстанның халық жазушысы, қоғам және саясат қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
6 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтеді.
Әбіш Кекілбайұлы ондаған кітаптың авторы ғана емес, ол Ги де Мопассанның "Жизнь", "Пьер и Жан" романдарын, Шыңғыс Айтматовтың "Ранние журавли" повесін, Уильям Шекспирдің, Антон Чеховтың, Лев Толстойдың және т.б. шығармаларын ана тілімізге аударды. Әбіш ағаның шығармалары әлемнің 13 тіліне аударылды.
Әбіш Кекілбаев 2015 жылдың 11 желтоқсанында 76 жасында өмірден озды.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстау облысында магистральдық газ құбырында жарылыс болды19 Наурыз 2024, 12:05
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде19 Наурыз 2024, 08:50
-
Тоқаев Қазақстанның креативті индустрия өкілдерімен кездесті18 Наурыз 2024, 17:47
-
Түркістан облысында 30 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен18 Наурыз 2024, 17:39