Нұр-Сұлтанда кафеге жапсарлас салынған қоймадан ірі өрт шықты

Астана. 11 маусым. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда кафеге жапсарлас салынған қоймадан ірі өрт шықты, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ) төтенше жағдай комитетінің (ТЖК) баспасөз қызметінен.
«11 маусымда сағат 05.06-да Нұр-Сұлтандағы ТЖД «101» тетігіне Есенберлин көшесіндегі «Реал-2» кафесінен өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт кафеге жапсарлас салынған қоймадан шыққан. Өрт алаңы 250 ш.м. құрады. Өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен тілсіз жау 07.13-те ауыздықталып, 07.56-да сөндірілді», - деп хабарлады сейсенбіде ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов сейсенбіде.
Ол нақтылағандай, өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен сегіз бірлік техникасы жұмылдырылған.

adimage