Нұр-Сұлтан. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Kazakhstan Energy Week-2019 (KEW-2019) аясында Student Energy Challenge конкурсы аяқталды.
KEW алаңында жыл сайынғы интеллектуалдық конкурсының қорытындысы жарияланды. Жоба «Шелл Казахстан»-мен бірге әзірленген.
Конкурс қорытындысын «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ-ның Қазақстан үкіметімен байланыс жөніндегі бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин жариялады – жеңімпаздар «Шелл Қазақстан» компаниясынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен, Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Innovation WKATU командасы (Орал) үшінші орын үшін $3 мың, Қазақстан-Британ техникалық университетінің FEOGI командасы (Алматы) екінші орын алып, $5 мың ақшалай сыйлыққа, және Назарбаев университетінің Wind of Chang командасы (Нұр-Сұлтан) бірінші орын иемденіп, $10 мың ақшалай сыйлыққа ие болды.
23 қыркүйекте ақтық сайыстың жеңімпаз командалары модульдердің көмегімен ауаны тазартудың инновациялық тәсілдерін таныстырған болатын.
Еске салсақ, Student Energy Challenge – Қазақстанның технологиялық ЖОО студенттері арасында жыл сайын өтетін интеллектуалдық конкурс, аталмыш конкурс аясында студенттер энергетикалық проблемаларды шешу үшін әлеуетті инновациялық идеялары ұсынылған жобаларын таныстырады.
KEW-2019 елордалық Конгресс-орталығында өтеді. Шара 23-27 қыркүйек аралығында жалғасады. KEW-2019 шарасына қатысу үшін Нұр-Сұлтанға 50-ден астам елден 2,5 мың делегат келген.
Нұр-Сұлтанда Kazakhstan Energy Week аясында Student Energy Challenge конкурсы аяқталды
