Нұр-Сұлтанда KEW алаңында KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының IV Форумы өтті

Күні: 19:13, 25-09-2019.

Нұр-Сұлтан. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Азиза Жамалиева. Елордалық Конгресс-орталығында Kazakhstan Energy Week-2019 (KEW-2019) алаңында KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының «Энергетикадағы әйел көшбасшылығының заманауи бейнесі» атты IV Форумы өтті.
Қазақстан мен басқа елдердің энергетикалық компаниясының әлемдік көшбасшылары мен сарапшылары гендерлік әралуандық саласындағы маңызды аспектілерді талқылады.
Форумды Орталық Азиядағы, Украинадағы, Грузия мен Әзірбайжандағы Бизнес академиясының басшысы Наталья Копыленко EY «Әйел-көшбасшының эмоционалдық интеллектісі» шебер-класымен ашты. Шебер-кластан кейін KAZENERGY мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің «Энергетикадағы әйелдің рөлі» тақырыбындағы ортақ зерттеуінің аралық қорытындысының нәтижесі жарияланды.
Аталмыш зерттеу қорытындысын Ergon Associates директорының орынбасары Кристен Ньюит жария етті, соған сәйкес ҚР энергетикасы саласында көшбасшы-әйелдердің «көрінбейтін» мәселесі бары байқалды.
KEW-2019 Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр. Шара 23-27 қыркүйек аралығында өтеді. KEW-2019 қатысу үшін елордаға 50-ден астам елден 2,5 мың делегат келді.


Жаңалықтармен бөлісу: