Нұр-Сұлтанда киберқауіпсіздік бойынша байланыс желісінде техникалық жұмыстар жүргізілуде

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда киберқауіпсіздік бойынша байланыс желісінде техникалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазіргі уақытта құзырлы мемлекеттік органдар байланыс операторларымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында азаматтарды, мемлекеттік органдарды және жекеменшік компанияларды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтардан, түрлі киберқауіптерден қорғау мақсатында техникалық жұмыстарды жүргізуде», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Жекелеген интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда мобильді құрылғыларыңыздың (ұялы телефон, планшет) тіркелгенін немесе тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуыңызға болады.

adimage