Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған алты адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кісікова.
«Қазір стационарда 159 адам емделіп жатыр, алтауының жағдайы ауыр, екеуі өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылған», - деді Кісікова сейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда елордада анықталған науқастардың көбі - бұрын стационарда оқшауланғандар немесе үй карантинінде жатқандар.
«Олар – отбасы мүшелері, әріптестері, медицина қызметкерлері, сонымен қатар науқаспен бір бортта ұшып келгендер», - деді Кісікова.
Сондай-ақ, ол нақтылағандай, стационарлық бақылауда және ем қабылдауда қазір Нұр-Сұлтанда 1693 адам жатыр.
Егер науқастардың жастарына келсек, елорда ҚДБ ақпарынша, 30-49 жас аралығындағылар (79 жағдай), 55% – әйелдер.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 325 жағдайы тіркеліп, 21-і жазылып, екі адам көз жұмды.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26