Нұр-Сұлтанда коронавирустың кезекті толқыны болған жағдайға үш жоспар әзірленген

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Максим Елизаров. Нұр-Сұлтанда коронавирустың кезекті толқыны болған жағдайға үш жоспар әзірленген, деп хабарлады елордалық қоғамдық денсаулық сқатау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
«Қазір біз аурудың болуы мүмкін үшінші толқынына дайындалып жатырмыз, эпиджағдайға байланысты жоспарлар әзірленді. Ең бастысы - кереует қоры. Бізде А, B, С жоспарлары бар. Бірінші жоспарда біз шамамен 2 мың кереует дайындаймыз. Сенеміз, үміттенеміз және осы жоспар аясында тоқтатуға тырысамыз. Бұл жоспарда жоспарлы және көпсалалы көмек көрсететін көпсалалы стационарлар мүлде тартылмайды. С жоспары кезінде барлық бейімделген ғимараттарда, жатақханаларда, қонақүйлерде еріктілерді тарта отырып, кереуеттер саны көбейтіледі. Бұл қосымша жағымсыз сценарий. Өте күрделі, олай болмауын тілейміз», - деді Мұратов бейсенбідегі онлайн диалогте.
B жоспарын елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы атамады. Аталмыш ақпаратты трансляция кезінде түсініктемеде нақтылады.
«B жоспары + 1041 кереует, А жоспарына + 20 жедел-жәрдем бригадасы», - деді Мұратов.
Ол атап өткендей, бір жоспардан екіншісіне өту алдыңғы жоспар 80% орындалған кезде жүзеге асырылады.

adimage