Нұр-Сұлтанда Крещение мейрамында жаппай суға түсуге арналған орындар анықталды

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Крещение мейрамында жаппай суға түсуге арналған орындар анықталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Православ христиандары 18, 19 қаңтарда «Крещение Господня» мейрамын атап өтеді. Бұл орайда Есіл өзенінің бойында бірнеше суға түсуге арналған орындар әзірленеді. Оң жағалауда, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы мен «Гранд Алатау» тұрғын-үй кешенінің маңындағы өзен жағалауында және сол жағалауда «Столичный» саябағы маңындағы жағалауда суға түсуге арналған орындар дайындалады», - делінген хабарда
Хабарда атап өтілгендей, «Крестный ход» діни рәсімі аясында 18 қаңтарда сағат 19.00-де діни қызметкерлер мен шіркеуге келушілер Константин-Еленин соборынан Есіл өзенінің жағалауына дейін жаяу жүріп өтеді.
«Суға түсуге арналған орындар 18 қаңтар сағат 20.00-де ашылып 20 қаңтар сағат 00.00-ге дейін, ал 19 қаңтар күні сағат 08.00-01.00 аралығында жұмыс істейді. Тұрғындардың ыңғайы үшін суға түсу орындары маңында сауда орындары орнатылып, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметінің және Полиция департаментінің қызметкерлері астаналықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жедел жәрдем көліктері де кезекшілік жасайды. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында балалар, суға түсуде тәжірибесі жоқ адамдар, егде жастағы қарттар, денсаулығы нашар жандар, ішімдік ішкен адамдардың суға түсуі қауіпті екені айта кеткен жөн»,- делінген хабарда.

adimage