Нұр-Сұлтанда мүгедек қыздың шағымынан кейін полицейлерді тексеріп жатыр

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Азиза Жамалиева. Нұр-Сұлтанда ақтаулық мүгедек-қыз Анастасия Мурашованың таяқ жегендігі туралы шағымынан кейін полицейлерді тексеріп жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Арыз ол қыздың анасынан түсті. Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаменті қазір тексеріс жүргізуде», - деді мәжілістегі кулуарда сәрсенбі күні ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Мурашованы ұрғандары туралы хабар бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған. Онда, атап айтсақ, Нұр-Сұлтан темір жол вокзалында қыз баланы полицейлердің қатты ұрып тастағандары жарияланған. Ғаламторда тараған жарияланымда тәртіп сақшыларының Мурашоваға кісен салып, мазақ еткендері айтылған.

adimage