Нұр-Сұлтанда Нұрғиса Тлендиев даңғылы бойындағы жол бір айға жабылады

Күні: 17:56, 30-07-2019.

Астана. 30 шілде. КазТАГ – Нұр-Сұлтанда Нұрғиса Тлендиев даңғылы бойындағы жол бір айға жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми интернет ресурсынан.
«Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы Н.Тлендиев данғылында орналасқан Екатеринбург-Алмата жол арығында (көпірінде) жол жасау жұмыстарының жүруіне байланысты көпір арқылы өту 2019 жылдың 1 тамызымен 1 қыркүйегі аралығында уақытша жабылады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі кешірім сұрай отырып, барлық көлік жүргізушілерінен қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды өтінеді.


Жаңалықтармен бөлісу: