Нұр-Сұлтанда Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының XIX съезі ашылды

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның тұңғыш президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі ашылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Отырыста Назарбаев кезектен тыс президент сайлауына Nur Otan партиясынан үміткерді ұсынады.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.

adimage