Нұр-Сұлтанда өнер университетіндегі өрт сөндірілді

Күні: 10:33, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда өнер университетіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) баспасөз қызметінен.
«1 шілдеде сағат 20.36-да Нұр-Сұлтандағы ТЖД «101» тетігіне Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «Шабыт» өнер университетінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Бірініш қабаттағы кабинеттердің бірінде оргтехника мен төбесі өртенген, өрт жалпы алаңы 25 ш.м. алаңды шарпыған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында 20.57-де ауыздықталып, 21.03-те сөндірілген», - деп хабарлады сейсенбі күні ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол атап өткендей, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт себебі анықталуда.
«Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 20 адамы мен бес бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді ТЖК ресми өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: