Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының артындағы құдыққа құлаудан мерт болғандар саны төртке жетті

Күні: 19:23, 23-05-2019.

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының артындағы құдыққа құлаудан мерт болғандар саны төртке жетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Белгілі болғандай, бүгін «Астана су арнасы» бригадасы кәріз-сорғы стансасына демонтаж жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар жасап жатқан, сол кезде жұмысшылардың бірі өзін жайсыз сезініп, есінен танып, сол цилиндрге құлап кеткен. Екінші жұмысшы оған көмек көрсетпек болып, техникалық баспалдақпен түскен, алайда ол да есінен танып қалған, оның артынан үшіншісі, сосын төртіншісі түскен. Бригада барлығы алты адамнан тұрады, оның төртеуі қаза тауып отыр», - деп хабарлады бейсенбіде ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер.
Ол нақтылағандай, жағдай туралы ақпар 16.24-те Нұр-Сұлтан қаласында ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызметіне «112» телефоны бойынша келіп түскен.
«Келіп түскен хабарда Бауыржан Момышұлы көшесі 5 мекенжайында орналасқан құдыққа 5 адам құлаған. Кезекші бұл жерге апаттар медицинасы орталығы бөлімшесі мен аэроұтқыр-құтқару жасағы орталығының бөлімшесін жіберген. 16.46-да бөлімшелер келіп жеткен және бір емес төрт бірдей адам кәріз сорғы стансасының резервуарына құлаған. Қосымша бұл жерге өрт сөндіру бөлімшелері шақыртылған. Алғашқы болып жеткендер резервуар диаметрінің 3,5 м және тереңдігінің шамамен 10 м екенін анықтаған. Түбінде шамамен 3 м көлемінде сұйықтық болған. Марқұмдардың денелері сол сұйықтықта жатқан», - деді ТЖК төрағасы.
Барлығы ведомство басшысының айтуынша, бригада алты адамнан тұрған, олардың екеуі сыртта қалып жедел құтқару қызметін шақырған.
«Шұғыл –тергеу қызметі жұмыс жасап жатыр. Қажетті шаралар жүргізілуде. Алдын-ала ақпар бойынша жұмысшылар метаннан уланған», - деді Беккер.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының артындағы құдыққа төрт адам құлап, метаннан уланған. Хабарда қаза тапқандар бар делінген еді.


Жаңалықтармен бөлісу: